430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік сатып алу: нені білген жөн? | Халықтық экономика

  • 34

Мемлекеттік сатып алу – қазақстандықтар арасында күрделі һәм күрмеуі қиын тақырыптың бірі. Бұлай деуімізге теріс пиғылды кейбір атқамінерлер мен шенеуніктердің осы саладағы небір құйтұрқы әрекеттері себеп. Мемлекетті құрылымын алып кеме деп қарастырсақ, мұндағы әрбір зат бір-бірімен жіпсіз байлаулы. Ал жоғарыдағы азаматтардың іс-әрекеті ел қазынасынан бөлек сіз бен біздің қалтамыздағы қаражатымызға зиянын тигізбей қоймайды. Бұл аздай, мұның зардабын ең алдымен мемлекеттік тапсырыстың орындалуын қамтамасыз ететін, отандастарға жұмыс беріп, бюджетке салық төлейтін жұмыс істеуге дайын және қабілетті кәсіпкерлер көреді. Біз бүгінгі «Халықтық экономика» бағдарламасында қалай тендерге қатысып, кәсібіңді жүргізуге болатынын айтамыз. Сонымен қатар «тендер деген ұғымды жеңдер» деп қабылдайтын жандармен қалай күресуге болатыны жайлы да сөз қозғаймыз.

Спикерлер: Данияр Якупов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу департаменті басшысының орынбасары; Серікбек Елшібеков, Нарықты сараптау және мониторинг орталығының бас директоры; Жанна Тайбергенова, Нарықты сараптау және мониторинг орталығының бизнес-аналитигi.

Хабар 24 телеарнасы