425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Несие алып, тығырыққа тірелмеудің жолы қандай? | Халықтық экономика

  • 61

Қазіргі таңда несие алу оңай, ол үшін тіпті үйден шығудың да қажеті жоқ. Кез келген көшеден «онлайн арқылы жылдам ақша береміз» деген жарнамаларды жиі көреміз. Сонда «Ақшаны қалайша тез бере салады? Әлде ақша ұсынушылардың қояр талабы жеңіл болғаны ма?» деген ойға қаласың.

Соңғы кездері «онлайн несие» деген де шықты. Жұрт енді екінші деңгейлі банктерді былай қойып, ғаламторды жаулаған микроқаржы ұйымдарына көз тіге бастаған. Проценті жоғары мұндай ұйымдар клиент тарту үшін «Кез келген адамға береміз, жұмыссыздарға да» деп жар салады. Онлайн рәсімдеген соң шотыңызға өзіңіз сұрау салған ақша небәрі бірнеше минут ішінде түседі. Дегенмен осындай онлайн несиелердің шарттары мен талаптары қандай? Үстемақысы мен берешегі қалай жүзеге асады? Бүгінгі «Халықтық экономика» бағдарламасында осы жөнінде айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы