426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Қаржы пирамидалары: алданып қалмау үшін нені білген жөн? | Халықтық экономика

  • 44

Осы күзде Ресейде соңғы онжылдықтағы әйгілі қаржы пирамидасы МММ-нен кейінгі ең ауқымды тағы бір қаржы пирамидасы жойылды. Бірнеше миллион адам, оның ішінде ТМД елдерінің тұрғындары да әдеттегідей тақырға отырды. Иә, қаржы пирамидасының үйіп-төгіп берген уәдесі талайға жел бітіргені рас. Оның ішінде клиенттерге айына 20-30% кіріс алуға және көлік, пәтерге ие болуға сөз берді. Оңай олжаға кенелгісі келетіндер әп-сәтте табыла кетті. Мұны көздеген жандардың арасында отандастарымызда болды. Бүгін талай адам сан соғып алданған қаржы пирамидалары жайлы айтамыз. Оның заңды қаржы ұйымынан қандай белгілері бойынша ажыратамыз, оның қандай түрлері бар мамандардың өз аузынан білеміз. 

Спикерлер: Айдархан Құсайынов, экономист; Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі.

Хабар 24 телеарнасы