Қытай әлемде алғаш рет 10G байланысын іске қосты

Қытайда әлемде алғаш рет 10G байланысы іске қосылды. Әзірге ол Бейжіңнен 100 шақырым жерде орналасқан Сюнъань ауданында сынақтан өткізіліп жатыр. Мамандар байланыс жұмысы тұрақты дейді. Сигналдардың берілуіндегі кідіріс - бар болғаны 3 миллисекунд қана. Бұл қазіргі технологиялардың жылдамдығынан ондаған есе артық. Ел билігі 10G өту цифлық инфрақұрылым үшін жаңа мүмкіндіктер ашады дейді. Жоғары өткізу қабілеті 8K форматындағы видео, бұлттық сервис, сондай-ақ виртуалды шындық технологияларымен жұмысты жеңілдетеді. Қазір Қытайда 5G ұялы байланысы кеңінен қолданылады. Бүкіл елде мұндай 4 жарым миллиондай базалық станция бар.