Енді Тik Тok түнде балаларға ескерту жасайды

Тикток балалардың телефонға телміріп отырмауы үшін "медитация" тәртібін іске қосады. Енді түнгі 10-нан кейін кәмелетке толмағандарға демалу қажеттігі туралы ескерту келеді. Сондай-ақ адамның көңілін жайландыратын музыка мен тыныс алу жаттығулары қосылады. Олар баланың тез ұйықтауына ықпал етеді. Жеткіншек түнде Тиктоктағы бейнероликтерді көретін болса, бірінші рет ескерту жасалады. Оны елемесе, біраздан кейін экранның бүкіл бетін алып тұратын хабарлама келеді. Мұның бәрі балалардың телефонда көп отырмауы үшін жасалып отыр. Бұл қызметті өз қалауы бойынша Тиктоктың ересек қолданушылары да іске қоса алады.