АҚШ Anthropic технологияларынан бас тартты

АҚШ жасанды интеллект саласындағы жетекші Anthropic технологияларынан бас тартады. 2025 жылы Құрама штаттардың Қорғаныс министрлігі компаниямен ұлттық қауіпсіздікке арналған жүйе әзірлеу туралы келісімге келген еді. Құжат бойынша 200 миллион доллар бөлінеді деп жоспарланған. Енді тараптар этика және қауіпсіздік мәселелерінде ортақ пікірге келе алмады. Пентагон компаниядан нейрожүйе құралдарына әскери мақсатта шексіз қолжетімділік беруді талап еткен. Өз кезегінде компанияның бас директоры Дарио Амодей мұндай талаптар қорғаныс тетіктерін әлсірететінін алға тартты. Нәтижесінде жүйе алты ай ішінде қолданыстан шығарылады.