Іскерлік ақпарат. Чехия мен Үндістанға мақта талшығы экспортталады

- Қазақстанда қалайы өндірісінің салығы  6%-дан  3%-ға төмендетілуі мүмкін. Металлургия саласын дамыту үшін осындай қарекет қолға алынады деп күтіліп отыр. 

- Астана халықаралық қаржы орталығы  үздіксіз даму бюросы Ислам даму банкімен бірлесіп сукук құнды қағаздарын кезең-кезеңімен шығару нұсқаулығын әзірледі. 

- Биыл бас қалада тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 25%-ға жетті. 

- Еліміздегі көлік құрастыру секторының жалпы құны 90 млрд теңгені құрады. 

- Биыл Мақтарал мақта тазалу зауыты өнім өндірісін рекордтық көрсеткішке жеткізуі мүмкін.