Іскерлік ақпарат. Ақсу қант зауыты қайта іске қосылды

- Еліміз көгілдір отын саласын ұзақ мерзімді дамыту жоспары аясында Амангелді кенішін ресурстық база ретінде ғана емес, басқа да мақсат-міндеттер үшін қолдануды көздеп отыр. 

- Қоңырат кенішінде жұмыс істейтін «Central Asia Metals» гидрометаллургиялық кешені бизнесті әртараптандыру үшін жыл соңына дейін мырыш өндіретін компанияның 100% үлесін сатып алу жөніндегі келісім жасасады. 

- Еліміздің 6 аймағында экс аумақтық қағидат бойынша қызмет көрсету жобасы пилоттық негізде іске қосылды. 

- Жамбыл облысының шаруалары үшін тіршілік нәрін үнемдейтін, тамшылатып және жаңбырмен суару жабдықтары кең қолданыста. 

- 10 жылдық үзілістен кейін қайта іске қосылған Ақсу қант зауыты өнім өндірісін бастады. Зауытты жаңғырту жұмысының негізгі бөлігі аяқталған. Қондырғылар сатып алынып, автоматты жүйеге көшіріліп жатыр.