Іскерлік ақпарат. Ауыл шаруашылығына 200 млн инвестиция тартылмақ
- Каспий құбыр желісі консорциумы ел аумағындағы қуаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстарын аяқтады.
- Еліміздің ауыл шаруашылығы секторына қытайлық инвесторлар 200 млн долларға жуық қаржы құюды көздейді. Қомақты қаражат жаңа техникаларды алуға және қазақстандық мамандарды оқытуға жұмсалады.
- Қарағанды облысында отын-энергетикалық және газдандыру саласы үшін метан өндірісі мен барлау жұмысы қолға алынды.
- Биыл қазақстандықтар 785,4 млн долларға 32 мың жеңіл көлік сатып алған.