Іскерлік ақпарат. KASE еуробонд саудасын бастайды
Қазақстан қор биржасы бағалы қағаздар мен еуробонд саудасына кедергі болған тосқауылдарды жоюға кіріспек. Жуырда Қаржы министрлігі мамыр айынан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында бағалы қағаздың осы бір түрін сатылымға шығаратынын хабарлаған болатын.