Жасыл экономика. Теңдесіз гидротехникалық нысан

Солтүстік өзендерінің ағысын судан кенде болып отырған аймаққа бұруды көздейтін канал құрылысының жобасын академик Қаныш Сатпаев салды. Құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы аяқталды. Бүгінде ұзындығы 458 шақырымды алып жатқан Қаныш Сатпаев атындағы канал еліміздегі стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі. Бұл Ақмола, Павлодар, Қарағанды облысында тұратын халықты, өнеркәсіп пен энергетика салаларын сумен қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратын су торабы. Мұндай гидротехникалық нысанның әлем бойынша баламасы жоқ дейді мамандар.