Финляндия мемлекеті ЕХРО-2017 көрмесіне қатысады

Мұны растайтын құжатқа «Астана ЕХРО-2017» компаниясының басшысы Ахметжан Есімов пен Финляндия ұлттық секторының комиссары Севери Кейняла қол қойды.

Кездесу барысында Есімов көрменің дайындық барысын баяндап, оған 98 ел мен 18 халықаралық ұйым өкілдерінің келетінін мәлім етті. Ал Севери Кейняла Финляндия мемлекеті әдетте мұндай шараларға тек басқа Скандинавия елдерімен бірігіп қатысатынын жеткізді. Алайда бұл жолы Қазақстанмен орнатылған достық қарым-қатынасты ескере отырып өз павильонын әзірлейтінін жеткізді. «Бұл қадам фин бизнес қауымдастығының қазақстандық нарыққа шығуына сеп болады» деп есептейді ол. Айта кетейік, Финляндияда баламалы энергия көздерінің үлесі 33%-ды құрайды. Ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 38%-ға дейін жеткізу жоспарда бар.