Блогерлер 2.0. Ұлттық өндірушілерге квота керек

Жалпы біз отандық өнімді қолдау туралы көп ұрандатамыз. Әрине ол дұрыс. Бірақ ескеретін бір нәрсе бар. Ол – ашық нарық. Біз өзіміздің ұлттық өндірушімізді ірі трансұлттық компаниямен жекпе-жекке шығарамыз. Бұл 3 жасар бүлдіршінді Макс Тайсонға қарсы рингке шығарып, әділ бәсеке деумен тең. Бағдарлама жүргізушісі Өркен Кенжебек осылай десе, әлеуметтік желі қолданушысы Ерболат Мұхамеджан отандық өндірушілерге қолдау, әсіресе квота керек дейді. Сіз не дейсіз?