Елбасы Н.Назарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесуі

akorda.kz

Кездесуге кәсіпкерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, ардагерлер, жастар белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы әңгіме барысында Солтүстік Қазақстанның республика бойынша барлық астық көлемінің үштен бірін өсіретін жетекші аграрлық-индустриялық өңір екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы облыстың үлесіне назар аударды. Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдары көп нәрсеге қол жеткізілгенін, бірақ әрбір қазақстандық отбасының тұрмысын түзеп, әл-ауқатын жақсарту үшін әлі де көп шаруа тындыру қажеттігін айтты.