Талдау. Халықты жұмыспен қамту мәселесі

Қазақстанда халық саны 17 млн асады десек, олардың шамамен төрттен бірін мүгедектер мен зейнеткерлер, енді бірін балалар құрайды екен. Сонда жұмыс істеуге қауқары бар адам саны 17 млн жартысына жуығы ғана. Бүгінде олардың ішінде кәсібін нәсіп еткен азаматтар болғанымен, еліміздегі ресми ақпарат бойынша 400 мыңдай адам жұмыссыздар санатында. Осы олқылықтың орнын жою үшін еліміздің әр өңірінде жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейді. Мекеме жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасындағы делдал секілді. Мемлекет тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы толығырақ осы шығарылымда айтамыз.