Блогерлер 2.0. Аптаға шолу

mygaming.co.za

Қазір отбасы тақырыбын ұдайы көтеріп, жастарға кеңесін айтып, семинарын өткізіп жүрген азаматтар бар. Әлеуметтік желіде де бұл жайлы жазбаларды жиі кездестіреміз. Солардың бірі Ақан Мергембайдың мына бір жазбасы: «60 жасыңда балаң болмаса, енді болуы екіталай. 50 жасыңда ақшаң болмаса, енді болуы екіталай. 40 жасыңда денсаулығың болмаса, енді болуы екіталай. 30 жасыңда махаббат болмаса, енді болуы екіталай. Неге? Себебі 20 жасыңда ақылыңның болмағаны екіталай». Иә, сіз бұған не дейсіз? Осы және өзге де осы аптада желіде талқыланған жазбаларды бүгінгі шығарылымнан толығырақ көре аласыздар.