Талдау. Құрылыс саласына маман тарту

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының басты мақсаты жұмыс таба алмай жүрген көпшілікке табыс көзін ұсыну. Жаңа жұмыс орындарын ашу. Бірнеше бағыттан тұратын мемлекеттік бағдарламаның бүгін біз құрылыс саласы жайына тоқталамыз. Бұл жүйеде жөндеу жұмыстары өтетін мекеме өз құрылыс компаниясын табады. Оның барлығы ашық конкурс арқылы өткізіледі.  Ал сол іріктеуден өткен мекемеге мамандарды жұмыспен қамту орталығы жібереді. Бағдарлама жүзеге асқан 3 жылда Астанада 100-ден астам ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Ендеше бұл салаға маман тарту мәселесі қалай?