Драйв. Lada Vesta

Қазақстандықтардың арасында ең үлкен сұранысқа ие көлік маркасының көшін Lada бастап тұр. Биылғы 9 айда ел аумағында 6086 ресейлік көлік саудаланған. Бүгінгі шолуымызда біз солардың бірі Lada Vesta автокөлігіне арнаймыз. Оның сыртқы пішіні, яғни экстерьер авторы Стив Маттин. Lada Vesta өз класындағы седандардың ең ірісі. Бағдарламаның түсірілім тобы көліктің қарапайым түрін тестілеуден өткізді. Нәтижесі қандай? Толығырақ шығарылымнан көре аласыздар.