Жасыл экономика. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «жасыл» жобалар

Жасыл технологияларды игеру, энерготиімді әдістерге көшу, қоқысты қайта өңдеп қалдықсыз цикл құру. Еліміз «Жасыл экономика» тұжырымдамасын жүзеге асыру жолында осы бағыттардағы біраз жұмысты еңсеріп тастады. Бұл жерде халықаралық ұйымдардың да рөлін айтпасқа болмас. Қазақстанның «жасыл» модельге көшу жоспарына Еуропалық одақ, БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық экономикалық комиссмия қолдау білдіріп келеді. Бүгінде «жасыл» жобалар еліміздің 14 облысында іске асырылып жатыр. Соның бірнешеуіне толығырақ осы шығарылымда тоқталамыз.