Заң жобасы. Төмен байытылған уран банкін құру

2017 жылдан бастап елімізде Төмен байытылған уран банкі өз жұмысын бастайды. Бұл туралы тиісті құжат Парламент Мәжілісінде өткен жиын барысында талқыланды. Банк уран сақтайтын үлкен қойма қызметін атқарады. Бұл жобадағы қауіпсіздік тәуекелінің көрсеткіші төмен. Өйткені уранның бұл мөлшерінен қару жасау мүмкін емес. Дегенмен халық ел ішіндегі қауіпсіздік жағдайына алаңдаулы. Төтенше жағдай орын алғанда онымен қандай органдар айналысады?