Әскер KZ. Отандық әскери техниканың мүмкіндігі қандай?

Құрылысы 2013 жылдың 11 желтоқсанында басталған арнайы техникалар шығаратын зауыт былтыр ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ресми ашылды. Мақсаты доңғалақты броньды машиналармен қамтамасыз ету еді. Ендеше өндіріс ошағының 1 жыл ішіндегі қарқыны қандай? Осы уақыт аралығында қанша әскери техника шығарылды? Ондағы қазақстандық «Барыс 8х8» арнайы жарақтандырылған әскери техникасының мүмкіндіктері қандай?