Блогерлер 2.0. Ұят бар ма?

Ұят болады, обал болады, жаман болады. Қазақ осы үш сөзбен-ақ баласын тәрбиелеп, қатарға қосқан. Ал қазіргі күйіміз қалай? Бізді ұяттың бары емес, ұяттың жоқтығы құрта ма? Еуразия ұлттық университетінің студенттері жақсы бір жобаны қолға алып, алғашқы кездесулерін дәл осы тақырыпқа арнапты.