Жасыл экономика. EXPO-2017 көрмесіне дайындық қалай?

Келер жылы елімізде өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесі өзге елдердегі кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Бірі мұнда қаржы салатын бизнес жоба іздесе, екіншісі кәсібін жандандыруға болатын бос нарықты табуды қалайды. Қазан айында көрмеге қатысушыларға павильондарды тапсыру рәсімі басталды. Бүгінде Чили, Мексика, Перу, Колумбия, тіпті Барбадос аралы да оған қатысуға ниет танытты. Осылайша мемлекеттер саны 111-ге жетті. 17 халықаралық ұйым да қызығушылық танытып отыр. Осы шығарылымды біз EXPO-2017 көрмесіне дайындық жайына арнаймыз.