Жасыл экономика. Шардара су қоймасы

Сумен қамтамасыз етуде еліміздің географиялық орналасуы ескерілуі тиіс. Қазақстан ірі трансшекаралық өзендердің төменгі сағасында орналасқан. Сондықтанда мемлекетіміздің сумен қамтамасыз етілуі көршілеріміздің экономикалық дамуына, су шаруашылығындағы ұстанымы мен халық санының өсіміне байланысты болып отыр. Бүгін біз Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының егін шаруашылығын сумен толықтай қамтамасыз етіп отырған Шардара су қоймасының жұмысына тоқталамыз.