Жасыл экономика. Су ресурсын басқаруға арналған жобалар

Суармалы жерлерді қалпына келтіру еліміздің тек ауыл шаруашылығы саласы үшін ғана емес түгелдей экономикасы үшін де маңызды. Статистикаға сүйенсек жыл сайын суармалы жерлерге 12,5 мың текше метр су жұмсалады екен. Сондықтан елімізде су тапшылығының алдын алу, бір жерге егілген дәнді-дақылдардың өнімділігін азайтпау мақсатында белгілі бір жобалар қолға алынып жатыр. Мамандар Халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен басталған олар сәтті жүзеге асады деген сенімде. Еліміздегі суармалы жерлердің жағдайы мен қолға алынған жобалар жайлы осы шығарылымда.