Заң жобасы. Отандық ауыл шаруашылығын нарықта дамыту мәселесі

Бүгінде дүкен сөрелеріндегі өнімдердің басым бөлігін сырттан әкелінген тауарлар құрайды. Қазақстандықтардың орта есеппен жалақыларының 40 пайызын азық-түлікке жұмсайтынын ескерсек, баршамыз өзге елдің ауыл шаруашылығына үлес қосып отырмыз дейді мамандар. Биылғы жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Ал Парламент депутаттары құжатты тұрғындарға түсіндіру үшін аймақтарға шықты. Толығырақ осы шығарылымда.