Әскер KZ. Теңіз биатлонына дайындық басталды

Осы айдан бастап ҚР Әскери-теңіз күшінің кемелері мен экипажы спорттық додаға дайындықты бастайды. Халықаралық армия ойындарының аясында өтетін теңіз биатлонына Қазақстан бұған дейін де екі рет қатысқан. Өткен жарыстың нәтижесі мен алдағы сайыстың дайындығы жайлы осы шығарылымда тарқатамыз.