Блогерлер 2.0. Бала тәрбиесі

Бүгінгі жаңа буынның тәрбиесі қандай? Өз балаңызды қалай еркелетіп, қалай тәрбиелесеңіз де өз еркіңіз. Алайда кейбір әлеуметтік желі қолданушылары осы тақырыптағы өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісіпті. Бірі баланың тәрбиесіне арналған бөлек уақыт жоқ. Тәрбие үздіксіз жүретін процесс десе, енді бірі еркелету мен ұрысудың жайына тоқталыпты.