Жасыл экономика. Сирек кездесетін жануарлардың популяциясын сақтау

«Қызыл кітапқа» енген кез келген жануар табиғат сақшыларының қарауында. Жыл өткен сайын жабайы аңдар популяциясы азайып барады. Тіпті олардың кейбірі жоғалудың шақ алдында. Саны азайған оларды ұрпағымыз шаң басқан мұрағаттардан емес, табиғат аясында өз көздерімен көргендері абзал дейді мамандар. Осы орайда елімізде сирек кездесетін аңдардың популяциясын қалпына келтіру үшін қандай шаралар атқарылып жатыр? Браконьерлермен күрес қалай жүргізіледі?