Заң жобасы. Баспана мәселесі

Республикадағы тұрғын үй қорының жартысынан көбі қалаларда орналасқан. Олардың басым бөлігі тозығы жеткен баспана. Соңғы қайғылы оқиғадан кейін билік пен қоғам тұрғын үйлердің жағдайы туралы алаңдай бастады. Ал аймақтарда жүрген Парламент депутаттары Шахан кентінің тұрғындарымен кездесіп, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған баспана мәселесін шешуге жәрдемдеспек.