Блогерлер 2.0. Тарлан сөзінің мағынасы қандай?

Бұл сөзді соңғы кездері орынды орынсыз қолданып жүрміз. Ол незігі жылқының түсі мен жасына байланысты атау. Қазақта «Тайында жоғалғанын тарланында таныды» деген мақал бар. Жасы ұлғайған адамның шашы ағаратыны секілді жылқы да қартайғанда баран, боз тарта бастайды. Союға қимайтын қадірлі аттарды осылай атайды. Сондықтан «тарлан» сөзін ісінің шебері, ақсақал адамдарға қолданғанымыз жөн. Бұл әлеуметтік желі қолданушысы Абылайдың жазбасы. Бүгінде біз әр нәрсені өз атымен атаудан қалып барамыз ба?