424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбылдықтар Универсиада спортшыларын қолдап флешмоб өткізді

  • 5572

Жамбылдықтар елімізде алғаш рет өтетін Қысқы Универсиадаға қатысатын спортшыларды қолдау мақсатында арнайы акция ұйымдастырды.

300-дей тұрғын «Тараз-Арена» спорт кешенінің алдына жиылып, «Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шараға қатысты. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары арнайы флешмоб өткізіп, отандық оғландарға қолдау білдірді. Ұйымдастырушылар мұндай шараларды өткізу маңызды. Бұл халықаралық додада ел намысын қорғайтын сайып-қырандарды жігерлендіріп, жеңіске деген құлшынысын арттыра түседі дейді. Шара соңында жеңіске үндеген үміт хаты әуеге ұшырылды.

Гамлет Қайнарбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Қысқы спорттық түрлерін насихаттау мақсатында, осы Универсиаданы насихаттау мақсатында өткізіп отырған іс-шара. Жамбыл облысының спортшылары оның жасөспірім спортшылары Қысқы Универсиададағы қазақстандық спортшыларға сәттілік тілеп, қолдау көрсетеді.

Ғани Жайлауов, акцияға қатысушы:

- Бұл спортшыларға рухани және психологиялық тұрғыда өте көп күш қуат береді деп ойлаймын. Өйткені өзім спортшы ретінде осындай іс-шараларды көрген кезде бір серпіліп қаламыз. Спортшыларымызға қатты сенеміз. Тек алға! Қазақстан алға!

Хабар 24 телеарнасы