Олимп. Үкілі үміт

Хабарымызда Универсиада тақырыбын жалғастыру үшін еліміздің бас музейіне келдік. Мұнда тәуелсіздік жылдары алған спорттық жетістіктеріміз қойылған арнайы зал бар. Біздің мұнда келуімізге ұлттық құрама бастығының мәлімдемесі себеп болды. Ол Қазақстан құрамасының қысқы Универсиадада бірінші орындар үшін таласа алатынын айтты. Бұл осыған дейінгі талай дүбірлі дода кезінде қол жеткен медальдардан өзге Алматыда өтіп жатқан Универсиададан ұтқан алқаларымыз осы музейге қойылады деген сөз. Сол себепті де Алматыдағы аламанға қатысып жатқан спортшыларымыздан күтеріміз көп.