Блогерлер 2.0. Балаңыз қандай мультфильм көреді?

«Бүгінде барлық баланың санасын жаулап алған «Маша мен аю» мультфильмі Youtube-те 20 млрд артық қаралыпты. Машаның қуыршағы секілді тек лицензиялық өнімдердің өзі $225 млн тауып, Еуропадағы балалардың ең танымал бес брендінің қатарында тұр. Бүгінде ол әлемнің 25 тіліне аударылған. Ал біз әлем тұрмақ өзіміздің көңіліміз толатын медиаконтент жасай алдық па? Аниматорларымыз қайда?», – дейді Өркен Кенжебек. Сіз не дейсіз?