Талдау. Кәсіптің көзін тапсаңыз қолдау да бар

Қазіргі таңда қай саланы дамытуға болмасын мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламалар өте көп. Әсіресе шағын және орта бизнес саласында өз ісін бастаймын деушілерге қолдау бар. Соңғы уақытта жастар арасында қызмет көрсету саласындағы бизнеске қызығушылық танытқандар саны артып келеді дейді мамандар. Бүгінгі шығарылым сіз бен біз үшін ұсынылған ауқымы кең мүмкіндіктер жайында болмақ.