Қазақстанда жасалған. Құмнан шыны бұйымдар қалай жасалады?

Шыны жасау кәсібінің негізін салушы мысырлықтар дейді мамандар. Бүгінде нарықтағы көптеген тұрмыстық затта қолданылатын оны дайындау күрделі бірнеше процестен тұрады. Жұмыстың алғашқы қадамы неден басталатынын білу үшін біздің түсірілім тобымыз «Алматы шыны» зауытына барды.