Олимп. Тоғызқұмалақ

162-і құмалақ. Олардың арасын қосатын жүздеген комбинация. Сырттай қарағанда тоғызқұмалақ күрделі ойын сияқты. Біреуі білер, біреуі білмес біздің бұл ұлттық спорт түрі әлем деңгейіне көтерілді. Қазір ол дүниежүзілік зияткерлік ойындар қатарына қосылды. Екі жылда бір рет Әлем чемпионатын өткізу дәстүрге айналды. Түпнегізі өте тереңде жатқан тоғызқұмалақты тарихшылар «қойшының математикасы» деп атайды. Толығырақ осы шығарылымда.