Заң жобасы. Балабақшаға кезекке тұру қалай өзгереді?

Қазақстанда балабақша мәселесі бір жүйеге келтірілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі мәлімдеді. Мәжілісте баяндама жасаған ведомства басшысы республика бойынша электронды форматтағы бірыңғай балабақша кезегін орнату қажет деп отыр. Бүгінде бұл саланың кемшілігі жетерлік дейді мамандар. Бір жүйелік жоқ. Мәселен әр қаланың өз ережесі, талабы бар. Ал бірыңғай кезек іске қосылса балабақшадан орын алу барынша ашық болады дейді министр. Парламент депутаттары кадр мәселесіне ерекше назар аударды. Педагогтардың біліктілігі мен мәртебесін көтеру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім сапасын арттыру. Бұл заң жүзінде ғана шешілетін мәселе емес екендігін айтты. Толығырақ осы шығарылымда.