Кәсіпкерлер. Кәсіп бастаймын деген адамға ештеңе кедергі емес

«Егер сенде ақша аз болса кәсіп жаса, егер мүлдем ақша жоқ болса дереу жаса». Дәл қазір осы негізде қарайтын болсақ, аз уақытта жеке кәсібін өркендетіп үлгерген жас кәсіпкер Айгүл Нұрланқызы еңбексүйгіштігімен көпке үлгі. Жаңа форматтағы бургер кафесінің иесі Айгүлдің ойынша, кәсіп бастаймын деген адамға ештене кедергі емес.