Кәсіпкерлер. Кез келген істе біліктілік пен білімділік қажет

Сұлулық әлемді құтқарады. Бұл қағиданы бүгінде кәсіппен байланыстырып жүргендер көп. Әрбір бұрыштан орын тепкен сұлулық салондарының бірінші мақсаты – тұтынушыны көрікті ету болса, екіншіден, бұл жұмыс шеберді табысқа кенелтетіні анық. Әлішер Ешенқұл да өзінің еңбек жолын осы бағытқа байлаған кәсіпкер. Ол алғашқы табысын туған қаласында тапқанмен, үлкен істі Астанада қолға алған.