EXPO көрмесіне бельгиялық компания инновациялық жаңа электростанциясын ұсынады

Астана EXPO-2017 көрмесіне бельгиялық «Си-Эм-Ай Групп» компаниясы инновациялық жаңа электростанциясын ұсынады.

Ол күн коллекторлар жиынтығы бойынша жұмыс істейді. Компанияның негізгі бағыты энерготиімділік және қоршаған ортаны қорғау алдағы халықаралық көрмеде де маңызды тақырыптың бірі болып табылады. «Біздің жоспар - экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, жаңартылған энергия көздерін барынша дамыту. Бұл – «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарына да сай келеді», - дейді компания жетекшісі.

Жан-Мишель Герардс, «CMI - Energy» компаниясының президенті:

- Біздің компания қатысатын болғандықтан EXPO көрмесінің басталуын асыға күтіп отыр. Заманауи технология мен жаңа қуат көздері – болашақ энергетика саласындағы ноу-хау үшін мінсіз алаң болып табылады. Осы тақырып аясында бар біліктілігімізді көрсететін болғандықтан қызығушылығымыз жоғары. Астанадағы көрмеде біз күн электр станцияларының шағын моделін орнатамыз. Келушілер мен әлеуетті клиенттер оның жұмыс принциптерімен және артықшылықтарымен таныса алады.