Украина EXPO-2017 көрмесіне дайын

Украина елі енді санаулы күннен соң Елордада басталатын EXPO-да электр қуатын өндіретін жалюзи, пассивті үй, күн концентраторларын инновациялық жел турбиналарын және басқа көптеген жобаларын көпшілік назарына ұсынбақ.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар Ұлттық күнге арналған кең ауқымды бағдарлама дайындап жатыр.

Украина Астанадағы EXPO көрмесі кезінде өз жетістіктерін «Шығармашылық өкілдерінің энергетикасы» ұранымен паш етпек. Қатысушылардың арасында энергетика саласының көшбасшылармен бірге жаңа жоба авторлары да бар. Оның ішінде Украина мен Қазақстанда қойылған жел құрылғылары мен ТМД-дағы жалғыз мультимегаватты құрылғы өндірісіне куә болуға болады. Яғни көрме қонақтары баламалы қуат саласындағы жетістіктерімен бөліседі.

Юрий Шевченко, компания басшысы:

- Жақында біз екі-үш мегаваттық жел құрылғыларын нарыққа шығардық. Мұндай қуат көзі ТМД аумағында ең алғаш рет қолданылайын деп отыр.

Әзірге мұндай өнертабыстар көп емес. Бірақ бизнес саласында болашағы бар жоба саналады. Мамандардың пікірінше, Украина алдағы он жыл мұғдарында энергия саласында үлкен серпіліс жасайды.

Иван Плачков, Барлықукраин энергетика Ассамблеясының төрағасы:

- Бізде қазір толық мөлшерде жүзеге асырылмай жатқан жобалар бар. Ал көрме соларды дамытуға мүмкіндік болмақ. Менің ойымша, көптеген халықаралық энергетикалық компаниялар, әсіресе Қытай, Үндістан және Қазақстан елі біздің  өнімдерге қызығушылық танытатын болады.

Украинаның баламалы қуат көзін қажетті деңгейге жеткізу үшін шамамен 12 млрд доллар қаржы керек. Украиналықтар бұл инвестицияның бір бөлігіне EXPO кезінде қол жеткіземіз деп үміттенеді.

Сергей Савчук, Украина Энергия тиімділігі жөніндегі мемлекеттік агенттігінің төрағасы:

- Кем дегенде дайын 25 жобамыз бар. Баламалы энергетикадағы бір жобаның құны 10 миллион доллардан басталады. Яғни әрбір жобамыз өз инвесторын табатын болса, онда ол қосымша тағы 5-10 миллион доллар қаржы тартуы мүмкін.

Украина 15 маусым – Ұлттық мерекесі аясында қонақтар мен қала халқына керемет ойын-сауық бағдарламасын ұсынбақ ниетте. Қазір дайындықты «Евровидение» байқауын ұйымдастырушы топ қолға алған.

Владимир Джиджора, Қазақстандағы Украина істеріндегі уақытша сенімді өкілі:

- Ұлттық мерекені атап өту шарасында Қазақстандағы украин ұлтының өкілдерінен құралған ұжымдар өнер көрсетеді. Концерттен кейін стендттен ұлттық павильонға дейін тулар парады ұйымдастырылып, соңында Украина көрме бұрышының таныстырылымы болады.

Украина үшін EXPO – бірегей жоба. Өйткені мерекелік іс-шараға бюджеттің бір тиын да жұмсалмаған. Барлық қажетті қаражатты демеушілер бөлген.

Авторлары: Анна Панащук, Михаил Мищенко