Іскерлік ақпарат. Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ

- Жамбыл облысында Қазақстан мен Қытай арасындағы 2,4 млрд долларды құрайтын инвестициялық 6 жобаны жүзеге асыру жайы қаралып жатыр. Бұл жобалардың ең ауқымдысы жалпы сомасы 1,6 млрд долларға тең өнімдер өндірісі. 

- Қазақстандық банктердің аграрлық секторға ұсынған қарыз мөлшері 1 жылда 5%-ға немесе 36,6 млрд теңгеге өсті. 

- Елімізде цифрлық құрылыс жобасын енгізуге арналған стандарттар әзірленіп жатыр. 

- Қарағанды облысының елді мекендері қарқынды құрылыс жұмыстары арқылы жастар үшін тартымды болады. Қазір өңірдің Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында салынып жатқан нысандар саны көп. Бұл мекенде 600-дей адам тұрғын үй алу кезегіне тіркелген. 

- Қостанай облысында «EXPO-2017» халықаралық көрмесінде таңдалып алынған 105 жобаның 10 қолға алу көзделіп отыр.