Қаржы. Қазақстандағы білім беру депозиттері

Әлемде білім беру депозиттерінің алуан түрі бар. Ал Қазақстанда 2013 жылы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылды. Баланың оқу құнын төлейтін ақша жеткіліксіз болса, тығырықтан шығудың жолы осы.  Мемлекет баланы оқытуға жұмсалатын шығынның бір бөлігін өз мойнына алып отыр. Ол үшін баланың ата-анасы перзентінің болашағы үшін табысының аз бөлігін жинап, қам жасай алады.