Құрылыс нарығы. Еурокод құрылысшыларды қарапайымдылықтан шығармашылыққа көшіре ме?

2019 жылдың соңына дейін Қазақстан құрылыс нормалары мен ережелерінен еурокодтарға ауысуы керек. Кеңестік кезеңде қабылданған құрылыс талаптарының ескіргенін отандық құрылысшылар мен сарапшылар көптен бері айтып келеді. Құрылысшылардың айтуынша, еурокодтың жаңа ережелерінде құрылыс материалдарының сапасы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру талаптары ескерілген. Ең бастысы еурокодтарды енгізу кезінде сала қарапайымдылықтан шығармашылыққа көшеді. Ғимаратты ең қатаң құрылыс нормаларына сәйкес кез келген пішінде тұрғызуға мүмкіндік туады. Себебі бұрынғы құрылыс ережелерінен қарағанда, еурокодтар құрылысшының барлық қиялын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.