Білім. Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Қатынас құралы болған тілдің белгілер жүйесі - әліпби. 2-3 айдан бері қазақ қоғамы үлкен ойда болды. Әліпбидің біз үшін қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін талқылап, анықтап, саралап жүрдік. Міне, сол сергелдеңді ойға нүкте қойылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тіл ғалымдары ұсынған екінші нұсқаны жөн деп тауып, жарлыққа қол қойды. Қазақ тілін енді латын алфавиті бойынша белгілейтін боламыз.