Іскерлік ақпарат. Елордадағы қонақ үйлер мен мейрамханалар саны 16%-ға көбейді

- Еліміздің өңдеу секторында өндірілген өнім әлемнің 115 мемлекетіне экспортталады. Кейбір тауар түрлері үшін жаңа нарықтар да ашылып жатыр. 

- Қазақстан транзиттік құрлықтық бағыттарды белсенді дамытуға кірісті. 

- Соңғы жылдары жеке тұлғаларға берілетін несие сапасы жақсарып келеді. Бұл ретте отандық банктер бөлген қаржы мөлшері  7,7%-ға ұлғайып, 4,4 трлн теңгеге жетті. 

- Статистикалық деректерге сүйенсек, елордадағы қонақ үйлер мен мейрамханалар саны 16%-ға артып, көрсетілген қызмет көлемі 23%-ға ұлғайған. Сол арқылы Астана сала жұмысын дамыту көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда келеді. 

- Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 29 млн теңгенің 10 инвестициялық жобасы қаржыланды. Әрбір гранттың сомасы 3 млн теңгеге пара-пар.