Экономика мәселелері. Зейнетақы жүйесі

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 миллионнан астам зейнеткер өмір сүреді. Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірген мәлімет. Зейнетақы жасына келгенде әрбіріміз жинақтарымызды алу туралы ойлана бастаймыз. Алайда қазақстандық зейнетақы реформасы мен өзгеру тарихы туралы айтқанда көңіліміз көтеріле қоймайды.