Жерұйық. Ұлытау жүрегі - Жезқазған қаласы

Әрбір қазақтың жүрегін елжіретіп, рухын алаулататын бірден бір аймақ – ол қазақ тарихының куәсі болған Ұлытау. Егер сіз теміржол көмегімен саяхаттасаңыз, Ұлытауға дейінгі сапар Жезқазған қаласынан бастау алады. Бұл инфрақұрылымы дамыған, көптеген мәдени және білім мекемелеріне толы шаһар.