Талдау. Әлеуметтік төлемдер жүйесі

90-жылдардың басында Қазақстаннан этникалық немістер атамекендеріне қарай қоныс аудара бастады. Көп ұзамай «ол жақта мемлекет азаматтарын өзі-ақ асырайды екен» деген әңгімелер шықты. Оның да өз шындығы бар болса керек. Мәселен, қазіргі ахуал бойынша Германияда 1 жылдан бері тұрып, бірақ жұмыс таба алмай жүрген отбасы жәрдемақыға өтініш білдіреді. Мақұлданса, 1 адам айына 360 еуро көлемінде төлем алады. Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек болса, оған қосымша 184 еуро қосылады. Егер бала саны 3-тен асса, онда үкімет 194 еуродан беріп отырады. Қарасаңыз, май шелпек. Босқындардың Батыс елдеріне қарай ағылуының себебі де осы шығар. Біз бүгінгі бағдарламада отандық әлеуметтік төлемдер жүйесі туралы айтамыз.